Ұшақта тәртіп бұзғандарды Алматыға жеткізбей Шымкентте түсіріп кетті
Ұшақта тәртіп бұзғандарды Алматыға жеткізбей Шымкентте түсіріп кетті
© Кадр видеодан
355
оқылды
Шымкент әуежайына 7 ақпан күні кешкісін Пхукеттен ұшып келе жатқан жолаушылар ұшағы қонды. Себебі ұшқыш бұдан әрі ұшудан бас тартқан. Бұл туралы Instagram парақшасында қазақстандық тележүргізуші Майя Веронская хабарлады. Оның айтуынша, тәртіпсіз жолаушылар "ішімдік ішіп, көңіл көтерген". Алматының орнына Шымкентте қондық. Жолаушылар рейстен алынып тасталды. Ұшқыш одан әрі ұшудан бас тартты. Бұзақыларғаұшақтағы 8 сағат көңілді өтті. Ал біз үшін Алматыға дейінгі жол бірнеше сағатқа ұзарды. Балаларға обал болды, - деп жазды ол парақшасында. https://www.instagram.com/p/B8Ro_N1nwmn/?utm_source=ig_web_copy_link