Ресейден көшіп келген Марина Тебенькова нағыз қазақ келіні атанды
Ресейден көшіп келген Марина Тебенькова нағыз қазақ келіні атанды
199
оқылды

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны Марина Тебенькованың келін болып түскеніне 35 жыл болды. Ресейдің Киров облысының тумасы Қазақстанға 1980 жылдары келіп, осы жерде біржола тұрақтап қалған. Бұл туралы  "Хабар 24" телеарнасы хабарлады.

Қазақ тілінде еркін сөйлейтін Марина Тебенькова ұлттық тағамдарды әзірлейді, қазақтың салт-дәстүрін біледі.
"Анамнан ерте айрылдым. Оның орнын енем басты. Мені қазақ келіні деп тәрбиеледі. Өзі білгеннің бәрін үйретті. Күйеуімнің інісі – қайным маған қазақ тілін үйретті, ал мен оған орыс тілін үйреттім. Солай өмір сүрдік. Отбасымыз тату болатын", – дейді ол.   
Марина бүгінде екі баланың анасы. Күйеуімен он жыл бірге тұрды.
"Ол біздің барлық дәстүрімізді білетін. Қарашаңырақты қарай білді. Оны жақындары, әріптестері, ауылдастары құрметтейді. Ол нағыз қазақ келіні. Біз оны жақсы көреміз", – дейді Маринаның қайын әпкесі Бекзада Жүсіпәлиева. 
https://www.youtube.com/watch?v=fzblWuMrEW8&t=77s&ab_channel=%D0%A2%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D0%A5%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D1%8024