Алматыда 18 жастағы қызды автобус қағып кетті
Алматыда 18 жастағы қызды автобус қағып кетті
155
оқылды

Полиция департаментінің мәліметінше, автобустың қызды қаққан сәті өзге жүргізушінің көлігіндегі видеотіркеуге түсіп қалған.

Видеода қыздың жол жиегінде тұрғанын көруге болады. Кейіннен  өз жолымен жүріп келе жатқан автобустың алдынан жүгіріп шыққаны көрінеді.  Автобус Ә. Жангелдин көшесімен солтүстік бағытқа қарай келе жатқан. Полицейлер оқиға кеше сағат 8.30-да болғанын айтты.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен  жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жеткізілді. Жетісу аудандық Полиция басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», – деді полицейлер.