Қарасан анықталған қыстақ карантинге жабылды  
Қарасан анықталған қыстақ карантинге жабылды  
388
оқылды

Ақтөбе облысы Байғанин ауданына қарасты Қарағандысай қыстағында малдан қарасан ауруы анықталып, карантин жарияланды. Бұл туралы Облыстық ветеринария басқармасы хабарлады.

Биыл ақпанда Байғанин аудандық ветеринария станциясына «Мерей К» ЖШС-ның ветеринар дәрігері Әкімжан Ташмағамбет хабарласып, сиыр өлгенін айтқан.

«Төрт өлексені ветеринариялық зертханада зерттеді. Облыстық зертхана 2 наурыз күні қарасан ауруын анықтады. Эпизоотиялық тексеруден соң құжат Байғанин аудандық аумақтық инспекциясына жолданды. 4 наурыз күні қыстақта шектеу енгізу үшін Қарауылкелді ауылдық округінің әкіміне ұсыныс жіберілді», – деді Облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Күлсара Жақыпова.

Шаруашылықта 120 сиыр мен 90 жылқы бар. Қарасанның анықталуына байланысты Қарағандысай қыстағында карантин жарияланды.