Қазақстанның алты облысында жолдар жабылды.
Құтқарушылар қазақстандықтарды ауа райының өзгеруін бақылауға, барлық сақтық шарасын сақтауға шақырды. Боран болып, жолдың көрінбеуіне байланысты бірнеше жолда көлік қозғалысы тоқтатылды:
Қарағанды облысында сағат 8:30-да Жезқазған – Петропавл (65-138 шақырым), Жезді – Ұлытау.
Қостанай облысында Екатеринбург – Алматы (686-729 шақырым), Сарыкөл – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы.
Солтүстік Қазақстан облысында Екатеринбург – Алматы (729-768 шақырым), Қостанай облысының шекарасы – Тоқсан би ауылы.
Ақмола облысында Жезқазған – Петропавл (377-440 шақырым), Қостанай облысының шекарасы – Державинск.
Павлодар облысында Омбы – Майқапшағай (191-390 шақырым), Ресей Федерациясының шекарасы – Мичурино.
Ақтөбе облысында Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай (89-234 шақырым), Т.Жүргенов ауылы – Қостанай облысының шекарасы.