Биыл 11 наурызда Англияның Жоғары соты Стати тарапының Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Ұлттық банкіне 3,7 миллион АҚШ долларынан астам сот шығынын төлеуге міндеттейтін сот бұйрығының күшін жоюға қатысты өтінішін қабылдамау туралы шешім шығарды. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады.
Англия мен Уэльстің Жоғары сотының Шығындар басқармасының шығындар жөніндегі судьясы Роулимен Статидің өтініші биыл 15 ақпанда сот отырысында тыңдалды.
«Шығындар туралы қаулы Стати барлық сатыда сәтсіздікке ұшыраған және Статидің Қазақстанға қарсы алынған төрелік шешімді орындауға қатысты жалғасып жатқан әрекеттерімен байланысты Англияның Жоғары сотындағы талқылауларды аяқтайды. Стати тараптары Жоғары соттың юрисдикциясына қарсы шығуға тырысты, бірақ бұл талпынысында сәтсіз болды. Бұл 2018 жылдың 4 желтоқсанында қабылданған қаулыға әкелді. Стати Жоғары сот талқылауында да сәтсіздікке ұшырады. Талапкерлердің (Қазақстан мен Ұлттық банк) шығыстарын төлеуге міндетті» делінген ресми хабарламада.