Денсаулық сақтау министрі коронавирусқа қатысты халыққа үндеу жолдады
Денсаулық сақтау министрі коронавирусқа қатысты халыққа үндеу жолдады
324
оқылды

Ол мереке күндері мейлінше абай болуға, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырып, Facebook-тағы парақшасында жазба жариялады.

«Құрметті қазақстандықтар! Мерекелік демалыс күндері қарсаңында маңызды бір мәселені еске салғым келеді. Күз бен көктемде тұмау өршиді. Жіті респираторлық вирустық инфекция (риновирус, аденовирус, парагрипп вирус және т.б.) асқынады. Қазір ЖРВИ маусымы жалғасуда, сондықтан сырқаттану қаупі сейілген жоқ. Сонымен қатар халықаралық әуе қатынасы қайта ашылғанын, шетелге сапарға шығатындар, сондай-ақ шетелден келгендердің қатары көбейгенін ескерген жөн. Яғни, коронавирустың жаңа түрін тасымалдау қаупі де артады деген сөз», – деді министр. Сондай-ақ, шектеу шараларының жеңілдетілуі аурудың таралу қаупін үдетуі мүмкін екенін айтты.

«Ғылыми-зерттеуге сәйкес, коронавируспен ауыратындардың тек 10-15 пайызында тұрақты иммунитет қалыптасқан. Науқастарда иммунитет пациенттің жасына қарай қалыптасады. Балалардың иммунитеті жақсы, ал жасөспірімдердің иммунитеті шамамен 20% болады. 18-ден асқан адамдарда –14%, 65 жастан асқандарда –11%. 40%-да иммунитет өте әлсіз және инфекция қайталанғанда көмектесе алмайды», – деді Алексей Цой.

Бүгін Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны қайтадан күрт көбейді.