Бір түнде 6 көлікті ұрламақ болғандар ұсталып қалды
Бір түнде 6 көлікті ұрламақ болғандар ұсталып қалды
155
оқылды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті хабарлады.

«Астана тұрғыны полицияға белгісіз біреулер көлігінен жеке заттарын ұрлап кеткеніне шағымданған. Тергеу барысында ішімдік ішкен достар қылмыс жасауға келіскен. Түн ортасында олар қаланың Оңтүстік-шығыс аумағында көлік ұрламақ болған. «ВАЗ», «Лада» және басқа да маркалы көліктерді ұрламаққа бекінген. Күдіктілер бір емес, алты көлік ұрламақ болған», –  дейді полицейлер.

23 жастағы жігіт көліктің есігін бұзып кіріп, рөлге отырған. Келесі көшеге жеткенде көліктің аккумуляторы өшіп қалады. Басқа көлік тапқан соң оның аккумуляторын алып, орнатады, алайда, машинаны оталдыра алмайды.   https://youtu.be/RXd6kmXmAD4 Көлікті жүргізе алмағаннан кейін ресейлік нөмір тағылған көлікті оталдыруға көшкен. Соған қарамастан, олар Volkswagen Golf көлігін ұрлап кеткен. Көлік кілті салонда қалып кеткен екен. Сол көлікпен қаланың орталығына дейін барған. Онда көлік оталмай қалып, итеруіне тура келеді. Mercedes-Benz жүргізушісінен көмек сұраған сәт видеоға түсіп қалған.

Тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.