11 наурызда Қазақстан аумағына Германия, Мальдив, БАЭ, Египет, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 21 халықаралық әуе рейсімен 3 мыңға жуық жолаушы келді. Олардың арасында 2 334 жолаушыда теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 631 ҚР азаматында тиісті анықтама болмаған.
Шымкент әуежайына – 1 рейс (барлық 126 жолаушы анықтамамен келген).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ, 10 наурызда елге ПТР-анықтамасыз келген 374 ҚР азаматының төртеуінен коронавирус анықталды: үш жолаушы Шарм-эль-Шейх қаласынан (Египет) Ақтөбе әуежайына, бір жолаушы Анталиядан (Түркия) Алматы әуежайына келген.