10 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігі бірлесіп ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау бойынша ірі арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Семей қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ауыр және аса ауыр қылмыс жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау бойынша арнайы операция жүргізді.
Қылмыстық топ құрамында құқық қорғау органдарының қызметтегі және бұрын жұмыс істеген қызметкерлері болғаны анықталды. Ұстау барысында олардың жасаған қылмыстарын растайтын ірі сомадағы ақша, бағалы заттар, байланыс құралдары және өзге де заттар табылып, тәркіленді. Жедел-тергеу шаралары әлі де жүргізіліп жатыр.