Академия – уақыт талабы
Академия – уақыт талабы
301
оқылды
Ұлттық құндылықты дәріптеу – парыз. Оның ішінде салт-дәстүрді, ел ішінде ғана емес, әлемдік аренаға алып шығу маңызды. Көкпар, ат жарысы, садақ ату, сонымен қатар күрес дегенде делебесі қозбайтын қазақ жоқ екені сөзсіз. Грекия 2021 жылы Қазақ күресінен Әлем чемпионатын өткізуге ниет білдіріп отыр. Ол жерде де ұятқа қалмауымыз керек. Міне, енді сол қазақ күресі академиясы ашылуы жоспарда бар деген сөзді естіп қуанып қалғанымыз да бар! Өйткені Қажымұқандай жауырыны жерге тимеген балуандарды даярлау үшін мамандарды даярлайтын орталық керек-ақ Бұл туралы ОКҚ-да өткен бас­па­­сөз мәслихатында Қазақ күресі федерациясының президенті – Ақ­­парат және қоғамдық даму ми­­нистрі Дәурен Абаев жиналған қа­уым­ға жеткізді. «Бұл неден туын­­дады?» деген сұрақ көкейге кел­­ді. Айта кетейік, бұдан 3 жыл бұ­­рын қазақ күресін дамытудың 2016-2021 жылдары дамыту стра­те­гиясында 2020 жылы қазақ күре­сін мектеп бағдарламасына ен­гізу жоспарланған болатын. Феде­рацияның бас хатшысы Бақ­дәулет Сәбитов: «Біріншіден, 5-11-сынып арасында кәсі­би тұрғыда дайындау жос­пар­­лануда. Ал 1-сынып ара­лы­­ғында қазақ күресінің ак­­ро­­­бати­калық жаттығуларын үй­­рету қа­растырылған. Қыздар ара­­сын­да да, ұлдар арасында да­ біз балуандарды дайындауға әзір­­міз. Дегенмен әр оқушының өз таңдауы бар. Сол себепті біз ги­м­­настика федерациясымен ке­­­лістік. Яғни, қала­ған­дары қазақ күресінен бөлек гимнастиканы үйрене алады», – деді. Міне, осы­ған байланысты Қазақ кү­ре­сі елордадағы бес мек­­­тептің бағ­дарламасына енгі­зі­­леді. Ал енді бұл балуан­дар­ды кім жат­­­­тық­ты­рады? «Қазақ күре­­сін бар­лық мектептің бағ­дар­ла­­ма­сы­на қосу үшін ма­ман­дар­дың жетіспеушілігі туын­да­уы мүм­кін. Сондықтан біз мамандар дайындайтын Қазақ күресі ака­­де­­миясын ашуды жос­пар­лап отырмыз. Академия ма­ман­дар­ды ғана оқытып қана қой­май, төрешілердің біліктілігін арттыру, ұлттық күрестің ғылыми-практикалық тұрғыда зерттелуін қамтамасыз етеді. Яғни, барлық әлемдік спорт ретінде біз де қа­зақ күресін ғылыми тұрғыдан зерт­­теуіміз керек», – деді Дәурен Абаев.  width= «Өткен жылдың қазан айында Қазақ күресі федерациясының өкілдері федерацияның президен­ті қызметін маған сеніп тапсырған болатын. Осы уақытқа дейін біз атқа­рылуы тиіс шаруалар мен шара­ларды реттеп, жұмысты жүйе­ледік, жоспар құрдық. Соған сәй­кес, бірқатар кешенді жобаны іске асырғалы отырмыз. Біздің негізгі мақсат – қазақ күресін әлем­дік деңгейге көтеру», – дейді Қа­зақ күресі федерациясының прези­денті.    width=Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ