Елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу жайы күн тәртібінде тұр. Көпшілік екпеден кейін пайда болатын антидене ағзада қанша уақыт сақталатынын білмейді. Бұл сұраққа мамандар орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауап берді.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Айнагүл Қуатбаева ғалымдардың екпеден кейінгі ағзада қалыптасатын антидене өте төзімсіз және аз уақытқа жететіні туралы дәйектемесін тілге тиек етті. Яғни, антидене 6 айдан кейін ағзадан жойылып кетеді. Содан кейін маман ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырғаннан кейінгі белгілерден қорқудың керегі жоғын атап өтті. Мәселен, дене дел-сал күйге түсіп, қызуы көтерілуі мүмкін. Вакцина салған жердің аздап қызаруы да ғажап емес. Оның үстіне, неврологиялық белгілер де байқалса керек. Мысалы, бұған дейін 400-ден астам азаматта осындай жағдай тіркелген. Олар арнайы ем-дом қабылдамаған. Бірінші күні-ақ ем-домсыз, тез айығып кеткен. Өйткені адам ағзасына сырттан ақуыз түскенде антидене қалыптасады. Сол үшін дене қорғану қабілетін іске қосады. Сондықтан жоғарыда айтқан белгілер пайда болады. Жалпы, 12 наурыздағы мәліметке сүйенсек, елімізде вакцинаның бірінші компонентін 59 мыңнан астам, екінші компонентін 18 мыңнан астам адам салдырған.А.ЖОЛДАС