«Ел қорғаны» медалін табыстады
«Ел қорғаны» медалін табыстады
370
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындар Қорғаныс министрлігімен ынтымақтастық орнатуға дайын. Қорғаныс министрлігі  Қарулы Күштердің қажеттілігін ескере отырып,  Петропавл ауыр машина жасау зауытымен және С.Киров атындағы зауытпен бірге келешектегі арнайы өнімді өндіру мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Солтүстік Қазақстан об­лы­­сына жұмыс сапары ба­ры­­­сында Қорғаныс министрі Нұр­лан Ермекбаев аталған за­уыттар жұмысымен таныс­ты. Кәсіпорындар басшылы­ғы­­мен кездесті. Онда өнді­ріс­­тік қуат жүктемесін және өнім жеткізуді арттыру мәсе­ле­лері талқыланды. ПАМЖЗ – арнайы өнім­нің, көпбейінді өндіріс­тік қуа­ты бар мұнай-газ, энер­ге­­тикалық және теміржол жаб­­­дығының қазақстандық өнді­рушісі саналады. С.Киров атындағы за­уыт электротехникалық өнім, бай­ланыс құралдары, қауіп­сіз­дік жүйелері мен арнайы мақсаттағы өнімнің өндірісін ары қарай дамытуды мақсат етіп отыр. Сонымен қатар Петро­павл­ға жұмыс сапары шең­­бе­рін­де Қорғаныс министр­лі­гі, Солтүстік Қазақстан облысы әкім­дігі мен «Жас сарбаз» ба­ла­лар мен жасөспірімдер әс­кери-патриоттық қозға­лысы» республикалық қоғам­дық бірлестігі арасында жас­тар­ды әскери-патриоттық тәр­­биелеу саласындағы ын­ты­мақ­тастық пен өзара іс-қи­­мыл туралы меморандумға қол қойылды. Аталған мемо­ран­дум бірлескен іс-шара­лар­ды, бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға, әс­ке­ри-патриоттық тәрбие са­ла­­сында ақпарат пен тәжі­ри­бе алмасуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қорғаныс министрі 2019 жылғы күзде Арыс қаласындағы төтенше жағ­дай салдарын жою кезін­де қаза тапқан майор Ақышев­тың ата-анасымен кездесті. Ол марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, әкесіне І дәрежелі «Ел қорға­ны» медалін табыс етті. Айта кетейік, «Ел қорға­ны» ведомстволық медалі 2017 жылдан бастап үлгілі қыз­­­меті мен мемлекет қор­ға­­­ны­сына салмақты үлес қос­қан әскери қызметшілерге бе­­рі­­леді.   Майра БАҚЫТ