Ең қиын жағдай Масаншы мен Бұлан батыр ауылдарында болып тұр
Ең қиын жағдай Масаншы мен Бұлан батыр ауылдарында болып тұр
© Асылхан Мамашұлының суреті
369
оқылды
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, халықты бірлікке шақырғаннан кейін аталған елді мекенге арнайы комиссия атанғанынан халық хабардар болды. Президент тек ресми мәліметтерге сену қажеттігін ескертіп, әрі қарапайым қақтығыстың ұлт аралық жанжалға ұласуына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де елді бірлікке шақыруы қажеттігін тапсырды. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстағы хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаеваға хабарласып, мән-жайды телефон арқылы білген едік. - Ассамблея мүшелері кешеден бері осында. Ақордадағы мәлімет бойынша 8 адам қайтыс болды деген дерек айтылды. Алайда бір адамды ауруханаға екі рет әкелгеннен кейін 7 адам қаза тапты деген қазір ақпар айтылып жатыр. Кеше ауруханаларды аралап санағанмызда 38 адам жарақат алғандар ретінде тіркелген. Әрине қаза тапқандар мен жараланғандардың саны аз болғаны қуантады. Десе де бұл соңғы байлам емес. Қазір Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сарапбаевты күтіп отырмыз. Содан кейін тағы нақтылана түседі.
  [caption id="attachment_11918" align="alignnone" width="1024"] width= © Асылхан Мамашұлының суреті[/caption] Ең қиын жағдай Масаншы мен Булан батыр ауылдарында болып тұр. Масаншыда бір көшедей өртке оранған. 35 көліктей жанып кеткен. Өзге ұлтты ауыл тұрғындарының дені Қордай шекара бекетінен Қырғызстанға өтуге жиылуда. "Облыстық Ассамблеяның күшімен әр ауылдың ақсақалдарының басын қосып, тұрғындармен жеке-жек түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл негізі ауыз азаматтары арасындағы қақтығыс еместей көрінді. Себебі арнайы әскер келгенде бүлік шығарып жүрген азаматтар қашып кетті. Сондықтан мұнда арандатушылардың іс әрекеті көрініс тапқан сияқты. Ол жағы әрине арнайы тексерістен кейін белгілі болады. Бір қуанарлығы қазір Қордай ауданында жағдай қалыпты. Барлық мәселе құзырлы органдардың жіті бақылауында тұр", -дейді Маржан Төреғұлқызы. Сайын Төре Жамбыл облысы