Тоқаев Қордай ауданында қайғылы оқиғаға жол берген шенеуніктерді жазалауға уәде берді
Тоқаев Қордай ауданында қайғылы оқиғаға жол берген шенеуніктерді жазалауға уәде берді
© Сурет ғаламтордан
5,277
оқылды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданында қайғылы оқиғаға жол берген шенеуніктерді жазалауға уәде берді. "Қордай ауданындағы жағдай тұрақты. Бердібек Сапарбаев басқарған комиссия жұмысын жалғастыруда. Қайғылы жағдайға жол берген мемлекеттік орган қызметкерлері мен арандатушылар жауапқа тартылады. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Отандастарымызға азаматтық жауапкершілік ұстанымдары үшін ризашылық білдіремін", - деп жазды Тоқаев Twitter-де. https://twitter.com/TokayevKZ/status/1226348635035750403 "Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығы кесірінен арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз. Оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ! " –деп атап өтті Президент. https://twitter.com/TokayevKZ/status/1226354011000967168 7 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Қордай ауданында ТЖ режимін жариялауға тапсырма берді.