Қазақ жігіті Нұрмагамедовке қарсы жекпе-жек өткізеді.
Қазақ жігіті Нұрмагамедовке қарсы жекпе-жек өткізеді.
© Сурет ғаламтордан
379
оқылды
Ресейлік қазақ файтері Руслан Тұяқов (4-0-0) әйгілі UFC чемпионы Хабиб Нұрмагамедовтың немере інісі Осман Нұрмагамедовпен (8-0-0) жекпе-жек өткізеді. GFC 24 турнирі Ресейдің Саратов қаласында өтпек. [caption id="attachment_11990" align="alignnone" width="750"] width= © Сурет ғаламтордан[/caption] Жеңілістің кермек дәмін татпаған жігіттер салмақ дәрежесінде (70,3) өнер көрсетпек. Бұл дивизионның чемпиондық белбеуін дәл осы кеште тәжікстандық Нурулло Алиев (4-0-0) пен ресейлік Анвар Чергесов (10-4-0) сарапқа салуы керек болған. Ұйым тәжік файтерінің салмағы лимиттен асып кеткен соң бұл жекпе-жек болмайтынын мәлімдеді. Осылайша вакантты титул үшін ресейлік Гаджи Рабаданов (13-3-2) мен бразилиялық Джоао Сильва (10-4-0) жекпе-жекке шығатын болды. Ал Руслан мен Османның рейтингілік кездесуі чемпиондық атаққа таласатын келесі үміткерді анықтауы тиіс. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тәжік спортшысы Алматыда өткен GFC 23 жарысында қазақстандық супер жұлдыз Қуат Хамитовпен (18-7) кездесуі тиіс болған. Нуруллоның бас тартуымен бұл жекпе-жек те өтпей қалды. Сондай-ақ, Қуат Хамитов 2016 жылы 16 желтоқсанда Мәскеуде өткен  Fight Nights Global 57 турнирінде Гаджи Рабадановты қылғындыру әдісімен ұтқан болатын. Ол жеңісін қазақ еліне арнап, тәуелсіздік күнінің құрметіне ән шырқады.