Қордай ауданында ТЖ-дан кейін тағы екі адам көз жұмды
Қордай ауданында ТЖ-дан кейін тағы екі адам көз жұмды
© Сурет Qamsу.kz порталынан
271
оқылды
Тағы екі адам Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай төбелестен қайтыс болды. Қаза болғандардың арасында танылмаған бір адам бар. Оны бірден мәйітханаға жеткізді. Бұған дейін сегіз адам қаза тапты. Жаппай төбелес кезінде 40-тан астам адам зардап шекті. Қордай ауданында 8 ақпанда жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Қазір ауданда вице-премьер Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. 9 ақпанда президент аудандағы жағдай тұрақталғанын айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қайғылы оқиғаға жол берген мемлекеттік органдардың қызметкерлерін жазалайтынын да мәлімдеді.