«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Білім беру» бағыты бойынша «2020-2021 жылдардағы Шығыс Қазақстан облысындағы қашықтан оқыту жүйесінің проблемалары мен тиімділігі» тақырыбындағы комиссия отырысы ZOOM платформасы арқылы өтті.
Отырыс барысында Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасының басшысы С.Жұмаділова 2020-2021 оқу жылында қашықтан оқыту жүйесінің проблемалары мен тиімділігі туралы баяндама жасады. – Бүгінде 647 жалпы білім беретін мектепте 193 212 бала оқиды. Оның ішінде штаттық режимде 42 531 оқушымен 424 мектеп, 5 537 кезекші сыныптарда 97 494 оқушы оқиды, қашықтан оқыту режимінде 53 187 оқушы оқиды. Қашықтықтан оқыту алғаш басталған кезде интернет платформаларды қолдану тәжірибелерінің болмауына және компьютерлік техника мен интернет ресурстардың тапшылығына байланысты қиындық туындады. Қазір облыста оқушыларының білім сапасын сақтау мақсатында онлайн оқыту үшін барынша жағдай жасалды. Білім басқармасы жанынан тәжірибелі педагогтер қатарынан жұмыс тобы құрылды, цифрлы білім беру платформаларын пайдалану бойынша педагогтердің қиындықтары зерделенді. Олқылықтар жойылып, оқушылардың білім алу процесі қалыпты деңгейде жүргізілуде, – деді Сайрангүл Ахметкәрімқызы. Сонымен қатар отырыс барысында комиссия мүшелері өзге де сұрақ бойынша ой бөлісіп, пікір алмасты.Әбілмансұр ЖАСАН