Жақында ғана "Грэмми" сыйлығын жеңіп алған қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов ВКонтакте әлеуметтік желісі командасынан тағы бір сыйлық алғанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
"Алдымен Grammy алдым, енді VK командасынан тағы бір сыйлық алдым. Қолдау көрсеткендеріңізге рахмет", - деп жазды ол.
Бұған дейін Павлодарлық теміржолшы Иманбек Зейкенов (Imanbek) Roses SAINt JHN композициясы үшін «Грэмми» (Grammy) сыйлығын жеңіп алғанын жазған болатынбыз.