Қордайдағы қақтығыстан кейін Қырғыз Республикасына кеткен тұрғындар үйіне қайтуда (видео)
Қордайдағы қақтығыстан кейін Қырғыз Республикасына кеткен тұрғындар үйіне қайтуда (видео)
© Сурет primeminister.kz сайтынан
5,493
оқылды
Қордай ауылындағы қазақ-қырғыз шекарасына келген Бердібек Сапарбаев шекарадан өткелі тұрғандармен кездесіп, оларға үйіне қайтуды ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Премьер-министрдің орынбасары шекарада тұрған көпшілікке: «Кешеден бері осында жұмыс істеп жатырмыз. Президенттің берген тапсырмасы бар, ол – осында тәртіп пен тыныштық орнату. Түні бойы осында болдық, бәрі тыныш. Сондықтан үйге қайтқандарыңыз жөн. Енді бәрі дұрыс болады. Біз бүгін де, ертең де осында жұмыс істейміз. Полиция да осында. Бәрін қалпына келтіреміз. Кім кінәлі екенін анықтап, оларды жауапқа тартамыз. Сол үшін үйге қайтыңыздар, балалар сабағынан қалмасын. Осында тіршілікті әрі қарай жалғастыра бересіздер. Келген шығын есептеліп, өтеледі», – деді.
Оның айтуынша, Қордай ауылдарындағы тіршілік қайтадан бұрынғы қалпына түседі, сондай-ақ, қауіпсіздік үшін де алаңдамауға болады.   https://www.youtube.com/watch?v=twLmYVLnM_w&feature=emb_logo