Тағы да шет елден келгендерден коронавирус анықталды
Тағы да шет елден келгендерден коронавирус анықталды
139
оқылды

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Бір тәулікте елімізге 2 450 жолаушы келді. Оның 2300-інде анықтама бар. 150-і анықтамасыз келген. Атап айтқанда, Алматыға – 1 367 жолаушы, Нұр-Сұлтанға – 531 жолаушы, Ақтауға – 288 жолаушы, Қарағандыға – 138 жолаушы, Шымкентке 126 жолаушы келді. Анықтамасы жоқ азаматтар ПТР тест тапсырды. Ал 14 наурыз күні шет елден анықтамасыз келген 793 жолаушының ПТР тест нәтижесі белгілі болды. Шарм эль-Шейхтен Нұр-Сұлтанға келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі күніне 1700-ден аса адам коронавирусқа шалдығуы мүмкін деген болжам айтқан болатын.