«Несие алуға көмектесетін» ерлі-зайыпты ұсталды
«Несие алуға көмектесетін» ерлі-зайыпты ұсталды
179
оқылды

Күдіктілер әлеуметтік желі арқылы жарнама жасап, тұрғындардың сеніміне кіріп, ақшасын заңсыз иемденген.

Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров: «Күдіктілер әлеуметтік желіде «несие алуға көмектесемін» деген мазмұндағы жарнама жариялаған. «Клиент» хабарласқан кезде алаяқтар оны екінші деңгейлі банктен шот ашып, оған алғашқы жарнаны салуды, сосын оны белгіленген нөмірге тіркеуді айтып, сендіреді. Осы аралықта алаяқтар алынған соманы мобильді банкинг арқылы басқа картаға аударып, қолма-қол ақшаға айналдырған», – дейді.

Алматы облысында күдіктілерге алданған 12 жәбірленуші анықталды.

Ерлі-зайыпты уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу басталды.