Із-түзсіз жоғалған ер адамды танысы өлтіргені белгілі болды
Із-түзсіз жоғалған ер адамды танысы өлтіргені белгілі болды
143
оқылды

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, Сайрам аудандық полиция басқармасына 14 наурыз күні түнгі сағат 23:00 шамасында әйел адам күйеуінің жоғалғанын айтып, арызданады.

Полицейлер жоғалған азаматты жедел іздестіруге кіріскен. Такси жүргізушілерінен, жергілікті тұрғындардан сұрақ-жауап алды. Күдіктіні көп ұзамай ұстады. Ол жоғалған ер адамның танысы екені анықталды. Күдікті – Қарамұрт ауылының тұрғыны. Бастапқыда кінәсін мойындамай, жауаптан жалтарады. Алайда, полицейлер дәлелдер мен айғақ заттарды жинақтап, жоғалған азамат өзінің BMW көлігін тастап, тек осы күдіктімен жолыққанын дәлелдеп берді. Осыдан кейін күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Жоғалған ер-азамат өзінің танысындағы ірі көлемдегі ақшасын алу үшін онымен жолыққан. Күдіктінің көлігіне отырған. Жол-жөнекей екеуінің арасында дау-жанжал туындаған. Қарызды қайтарғысы келмеген күдікті танысын өлтірген. Мәйітті өзінің бұрынғы жұмыс істейтін орны, карьердің маңына қылмысын жасыру үшін көміп тастаған.

Күдікті қамауда отыр, тергеу басталды.