Алматы базарында тәртіпсіздіктерге шақырған арандатушылар анықталды
Алматы базарында тәртіпсіздіктерге шақырған арандатушылар анықталды
© Сурет ғаламтордан
338
оқылды
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди ОКҚ брифингінде Алматыдағы "Барахолкада" тәртіпсіздіктерге шақырғандар анықталғанын мәлімдеді. "Тұтқындалу" мәселесіне мән бермей-ақ қояйық.  Бірақ бұл адамдардың анықталғанын айтамын. Біз барлығын анықтайтын боламыз, себебі онда осы үндеулердің мазмұнына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар, қылмыстық құрам бар, - деп түсіндірді ол. 8 ақпанда таңертең Алматыда «Барахолкадағы» базарлар жабылды. Және онда полиция, әскерилер жиналды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ОКҚ-дегі брифингтен кейін бұл шара қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданғанын, өйткені онда тәртіпсіздік жасауға шақырулар болғанын айтты.