Оралда оқушылар төбелесті
Оралда оқушылар төбелесті
© Сурет "Мой город" сайтынан
314
оқылды
Оралда Тұңғыш Президент алаңында оқушылардың жаппай төбелесі тергелуде, деп хабарлайды "Мой город". Оқушылар төбелесінің бейнелері 8 ақпанда WhatsApp пайдаланушылары арасында таратылды. Кадрлар бойынша жанжал Бірінші Президент алаңында, Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының жанында болды. Топ екі бөлікке бөлінген, олардың әрқайсысынан үш өкілден шығып, бір-бірімен төбелесе бастады. Бірнеше бозбала жерге құлап, оларды басынан қатты тебе бастаған кезде жазба үзіледі.
"Төбелес кезінде тағы 15-ке жуық жасөспірім қарап тұрған. Қабылданған шаралар нәтижесінде төбелеске қатысушыларының жеке басы анықталды, Олар қала мектептерінің бірінің оқушылары болып шықты. Жасөспірімдер 15 және 16 жаста. Сонымен қатар, біз оқиға куәгерлерінің де жеке басын анықтадық. Факт СДТБР-де тіркелген. Полицияға ешкім арызданған жоқ",-деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.