Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады
Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады
© Сурет ғаламтордан
257
оқылды
2020 жылғы қаңтарда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 0,8%-ға қымбаттады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті мәлімдеді. Комитеттің деректеріне сәйкес, абаттандырылған тұрғын үйлер – 0,7%, абаттандырылмаған 0,4%-ға өсті. Ал есепті кезеңде абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,9%-ға жоғары болды. 2020 жылғы қаңтарда жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрін сатудың орташа бағасы 295 180 теңгені (жылдық өсім — 6,7%), қайта сатылатын жайлы тұрғын үй – 203 091 теңгені (6,7%), абаттандырылмаған тұрғын үй – 126 500 (5,7%) теңгені құрады. Сондай-ақ, орта есеппен ел бойынша абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу шаршы метр үшін 1 529 теңгені (6,5%) құрайды.