Медициналық сақтандыру қоры 22 миллионға компьютер жалға алған
Медициналық сақтандыру қоры 22 миллионға компьютер жалға алған
261
оқылды
Мемлекеттік сатып алу сайтында биыл қаңтарда "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ "Белый Ветер KZ" компаниясынан компьютерлер жалға алу туралы келісімшарт жасасқан. Сатып алу тікелей келісімшарт жасау арқылы бір көзден алу тәсілімен өткен.
Бұл компьютерлер "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ орталық кеңсесі мен аймақтардағы кеңселеріне алынған. Барлығы 703 жинақ компьютер алынады. Оған 21 982 810 теңге жұмсалған. Оның ішінде:
1. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ орталық аппараты – 148
2. Алматы қаласы бойынша филиалы – 47
3. ШҚО – 43
4. Алматы облысы – 41
5. Нұр-Сұлтан қаласы – 38
6. Қарағанды облысы – 36
7. Жамбыл облысы – 34
8. Қостанай облысы – 32
9. Ақтөбе облысы – 31
10. Павлодар облысы – 31
11. Қызылорда облысы – 30
12. Түркістан облысы – 30
13. Ақмола облысы – 29
14. БҚО – 29
15. СҚО – 28
16. Атырау облысы – 27
17. Маңғыстау облысы - 26
18. Шымкент қаласы – 23
Өткен жылы да "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ дәл осы компаниямен 256 879 968 теңгеге компьютер жалға алу туралы келісімшарт жасасқан. Тендер ашық конкурс тәсілі арқылы өткен.