Қордайдағы қақтығыс: шығын көлемін есептеу жұмыстары басталды (видео)
Қордайдағы қақтығыс: шығын көлемін есептеу жұмыстары басталды (видео)
© Асылхан Мамашұлының суреті
371
оқылды
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдай біздің тілшілеріміздің жіті назарында. Тілшіміз Гүлжан Көленқызы қазір бізбен тікелей байланысқа шықты. Гүлжан Көленқызы, тілші: – Біз қазір Масаншы ауылында тұрмыз. Жалпы, ауылда жағдай тұрақты. Тұрғындардың айтуынша, оларға жан-жақты көмек көрсетілуде. Бүгін Сортөбе және Масаншы ауылдарында қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтті. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қордай ауданының Масаншы, Ауқатты ауылдарындағы бүлінген коммерциялық нысандарға келген шығындарды есептеу жұмыстары басталды. Бұл шарамен облыстық, аудандық құрылыс басқармасы, экономика және бюджетті жоспарлау басқармаларының қызметкерлері айналысуда. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, жаппай бұзақылықтан қаза тапқандардың саны 10-ға жеткен. Айта кетейік, Масаншы ауылында 14 тұрғын үй, 27 коммерциялық нысан және 1 қойма, 17 көлік өртенген. Жалпы, бұзақылықтан үш ауыл: Масаншы, Бұлар батыр, Ауқатты ауылдары зардап шекті. Осы категория бойынша: « Қордайдағы жағдайға байланысты шекара асқандар үйлеріне оралып жатыр Еліміздің 3 облысында жолдар жабылды » https://www.youtube.com/watch?v=KnHJ_PBiYw4&feature=emb_logo