Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 9 гектар жер учаскесін заңсыз иеліктен шығарған. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, – деп жазды inform.kz.
«Министрлік 2020 жылғы желтоқсанда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ішкі аудит жүргізу барысында Алматы қаласының жанындағы Кемертоған кентінде орналасқан, ЖОО-ға тиесілі алаңы 9 га жер учаскесін заңсыз иеліктен шығару фактісін анықтады», – деді министр.
Аймағамбетовтің айтуынша, аталған факті бойынша материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылды.