Бюджеттің 1,8 триллион теңгесі тиімсіз жұмсалды
Бюджеттің 1,8 триллион теңгесі тиімсіз жұмсалды
482
оқылды
Былтырғы пандемия өршіген тұста мемлекет дағдарысқа қарсы шара ретінде 2 триллионнан астам қаражат қарастырды. Соның 344 миллиарды заңсыз жұмсалған. Ақшаның игерілуін тексерген Есеп комитеті осыны анықтады. Әсіресе Жұмыспен қамтудың жол картасында заңбұзушылық жетерлік. Бағдарламаға бөлінген бір триллионның 96 миллиард теңгесі заңсыз жұмсалған. Жалпы бұл бағдарламаға 1 трлн теңге бөлінді. Сонымен бірге 96 млрд теңгенің заңбұзушылықтары тіркелді, 72 факт бойынша істер құқық қорғау органдарына жіберілді, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 196 адам жауапқа тартылды. Жұмыспен қамтудың жол картасына бөлінген қаражатты игеру кезінде мынадай қателіктерге жол берілген: – карта талаптарының мердігердің міндеттемелерінде болмауы немесе ішінара бекітілуі (келісімшарттардың 8% -ында); – жұмыспен қамтылудың қысқа мерзімді болуы (орта есеппен 1-2 ай ішінде); – бақылаудың жоқтығы (34% -да зейнетақы жарналары жоқ); – іске асырылатын жобалардың елдімекендердің инфрақұрылымын жақсартуға әсерінің болмауы. бюджет Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінген қаражаттың 49 миллиард теңгесінде заңбұзушылықтар анықталды. 12 факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді, 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кеткен кемшіліктер мынадай: – қаржыландыру қажеттілігін растамай, шығындарды жоспарлау; – жобаларға жергілікті билік органдары мониторингі жүргізбеген. бюджет Бизнестің жол картасына аудит жүргізу кезінде 35 миллиард теңгенің заңбұзушылықтары анықталды. Квазимемлекеттік сектордағы активтерді басқару кезінде жіберілген қателіктер анықталды. Мысалы, 21 триллион теңгенің шығындарына мониторинг жүргізіліп, 386 миллиард теңге бойынша заңбұзушылықтар анықталды, оның ішінде: – тиімсіз пайдаланылған қаражат көлемі – 324 млрд теңге; – қаржылық бұзушылықтар – 59 миллиард теңге, оның ішінде бухгалтерлік есептіліктегі    қате – 41 миллиард теңге; – тиімсіз жоспарлау – 3 миллиард теңге. Оның тек 8 миллиард теңгесі мемлекетке қайтарылды. бюджет Игерілмеген қаражат маңызды салаларға жұмсалса... Бюджет
«Ең үлкен қателік мемлекет қаражатына тексерістің аздығы. Негізгі жіберілген заңсыздық қаражаттың мақсатсыз, керек емес нәрселерге жұмсалуында екенін көріп отырмыз. Мысалы, кәсіпкер өз жоспарында белгілі бір қаражатқа қанша мал сатып алатынын көрсетеді. Бірақ тексеріс кезінде ешқандай мал сатып алынбағаны анықталады. Яғни, әу баста көрсетілген емес, басқа мақсатқа жұмсалған. Осы ретте, бізде жылда игерілмеген қаражат мемлекетке қайтарылады. Бұл тіптен қалыпты үдеріске айналып кетті. Басында бюджет қаражатының дұрыс жоспарланбағанынан осылай болып отыр. Мемлекеттік алып-сатулар заңға сай жүгізілмейді. Квазимемлекеттік сектордағы игерілмеген қаражатты кезінде бірден маңызды салаға (медицина) аударуы керек еді. Осы ұрымтал сәтті пайдаланып мемлекеттік емханалардағы техникаларды жаңартып алуға болар еді. Дәл солай ақсап тұрған саланың бірі шағын және орта кәсіпкерлер өз жұмысшыларына қаражат тауып бере алмай отыр. Осы бағытқа аударуға болар еді. Министрлік пен квази сектор игере алмай қалған қаражатты фармацевтика саласына аударуға болар еді. Пандемия кезінде бұл саланың қаншалықты маңызға ие екенін көрдік, сезіндік. Азық-түлік қымбаттады деп жиі айтамыз. Олай болса, кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, өз нарығымызды отандық өніммен қамтамасыз етуге тиіспіз. Мен атаған салалардың барлығы халыққа бірінші кезекте керек салалар»,– дейді экономист Мақсат Сералы.
бюджет 2020-2022 жылдарға арналған бюджет Былтырғы бюджет кірісі 11 трлн 9 млрд теңгеден асады. Оның ішінде салықтық түсім – 5 трлн 56 млрд теңгені құрайды. Ал Ұлттық қордан бөлінетін трансферт көлемі шамамен 5,4 трлн теңгеге жетеді. Қара алтынның болжамды бағасы барреліне 20 доллардан 40 долларға дейін көтерілді. Бұған қоса,  Байқоңыр кешенін пайдаланғаны үшін Ресейден түсетін жалдау ақысынан республикалық бюджетке 47,3 млрд теңге, ал әскери полигондар үшін 8,3 млрд теңге түседі екен. бюджет     Айта кетерлігі, Ұлттық қордан республикалық бюджетке 2021 жылы – 2,7 млрд теңге, 2022 жылы – 2,4 млрд теңге, 2023 жылы – 2 млрд теңге кепілдендірілген трансферт бөлу көзделіп отыр.  Ұлттық қордан бөлінетін осы қаражат республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағыттау көзделген. Ал мұғалімдердің жалақысын арттыру үшін республикалық бюджеттен 447 миллиард теңге бөлінді. Бұл мұғалімдердің ақшасын 25 пайызға арттыруға жұмсалады. Ақша облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың бюджетіне түседі.   бюджет Кім жауапты? Былтыр қазына қаржысын сапасыз жоспарлап, тиімсіз пайдаланған мемлекеттік бағдарлама әкімшілері мен жауапты басшыларға талап күшейеді деген ақпарат шықты.  Айыппұл көлемі 5-15 АЕК көлемінде емес, одан көп болуы мүмкін. Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Әлихан Смайылов: «Мәжіліс депутаттарының ұсыныстары бойынша бірінші басшылардың жауапкершілігін арттыру үшін тиісті шаралар қолданылып, тиісті нормалар енгізілетін болады, яғни әкімшілік айыппұл төлейтін болады. Оның сомасы тиімді болу керек», – деген еді.