Сарыағаш қаласының тұрғындары Nur Otan партиясы Сарыағаш аудандық филиалы Сарыағаш бастауыш партия ұйымына Абай ауылындағы Қаскент арнасы көпіріне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы өтініш білдірді. Өйткені көпір жарамсыз болған.
Осыдан кейін Nur Otan партиясы Сарыағаш аудандық филиалы Сарыағаш бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Қаскент арнасы көпірі кәсіпкерлердің қолдауымен қалпына келтірілді. Тұрғындар кәсіпкерлердің игі ісіне риза болып, алғыс білдірді.