5 жыл іздеуде болған қазақстандық Бішкекте ұсталды
5 жыл іздеуде болған қазақстандық Бішкекте ұсталды
158
оқылды

Қырғыз елінде 12 миллион теңгені жымқырды деп айыпталған әйел ұсталды. Ол Нұр-Сұлтанда бұрын банк қыз­­меткері болып жұмыс істеген. 5 жыл іздеуде болған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әйел 2016 жылы алаяқтық жа­­сады деген күдікке ілініп, қа­­­шып кеткен. Ол өзін банк қызметкері ре­­­тінде таныстырып, сенімге кіру, алдау арқылы алаяқ­тық жолмен қомақты қаржыны иеленген. «Біш­­кекте полиция департаменті қыз­­меткерлері 2016 жылдан бері іздеуде жүрген 46 жастағы әйелді ұстады. Ол – Нұр-Сұлтан тұр­­­ғыны. Азаматша елорда аума­ғында алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген. Өзін банк қыз­­­­меткері ретінде таныстырып, клиенттің сеніміне кіріп, жалпы сомасы 12 миллион теңге болатын ақшаны иемденген. Қылмыстық істі қарау барысында айыпталушы тергеу органдарынан қашып кет­­кен» делінген хабарламада. Қазір күдікті Бішкекте уа­­қытша ұстау изоляторына қа­­­­­малды. Минск конвенциясына сәйкес, оны Қазақстанға экстра­дициялау туралы мәселе қаралып жатыр. Нұр-Сұлтан поли­­­ция­­сының мәліметіне сүйенсек, елордада «құқықтық тәртіп» же­дел алдын алу шарасы өткен. Шара барысында 154 қылмыс тіркелді. Оның 114-і ашылды, сондай-ақ бұрын жасалған 78 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген 26 қылмыскер ұсталды. «Жедел алдын алу шарасы барысында полиция қызмет­­керлері бұрын ірі ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. 26 жастағы ер адам түнгі уақытта құрылыс ны­санынан құны 3,5 миллион тең­­­геге жуық 500 темір құрылғыны ұрлап кеткен. Металл қабылдау пункттерін тексеру кезінде жедел уәкілдер күдікті тізгіндеген көлік­тің маркасын анықтады. Ол бей­не­­­­бақылау камераларындағы жаз­­ба арқылы табылған. Ер адам ұрлық жасағанын мойындады, қылмыстық іс қозғалды», – деді ведомство өкілдері. Профилактикалық шара бас­талғаннан бері 8 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анық­талды. Оның ішінде 748 ұсақ бұзақылық, 600-ге жуық қала тыныштығын бұзу, 1 000-нан аса ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру дерегі анықталды. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 51 жүргізуші ұсталды. Учаскелік инспекторлар 3 мыңға жуық қараусыз қалған үйлер мен 4 мыңға жуық саяжай құрылыстарын аралап шықты.

Исмаил ҚУАНЫШ