"Адам өлтіргендер жазасын алады": Сапарбаев марқұм Дархан Әбдірахымның отбасына барды(видео)
"Адам өлтіргендер жазасын алады": Сапарбаев марқұм Дархан Әбдірахымның отбасына барды(видео)
© Сурет Азамат Ерғалидің парақшасынан
469
оқылды
Қордайдағы қақтығыс кезінде қаза тапқан жігіттің отбасына көңіл айтып барған вице-премьер Бердібек Сапарбаев кінәлілер жазаға тартылатынын айтты
 Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған үкімет комиссиясы Қордай ауданындағы қақтығыс кезінде қаза тапқан Дархан Әбдірахымның Әлжан ана ауылындағы отбасына барды. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ел басшылығының атынан марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлады үкімет басшысының ресми сайты.
https://www.facebook.com/100001915894715/videos/3486931544714008/ "Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан біз шын қайғырып көңіл айтамыз. Берік болыңыздар. Отбасы үшін қиын күндерде берік болу керек", - деді Сапарбаев. Вице-премьер Дарханның өліміне кінәлілер анықталып, заң бойынша жазаланатынын жеткізді.
"Біз кінәлілерді анықтаймыз, олар заң бойынша жазаланады. Үш күннен бері осында жүрміз. Құқық қорғау органдарына тапсырма берілді. Олар тексеру жүргізіп жатыр. Барлығын табамыз. Одан кейін барлығын жазалаймыз. Адам өлтіргендер жазасын алуы керек. Қазір сол бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деді Бердібек Сапарбаев.
  [caption id="attachment_12181" align="alignnone" width="1995"] width= © Сурет Бауыржан Жуасбаевтікі[/caption] Сонымен қатар ол қаза тапқан азаматтың отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілетінін, барлық қажетті көмек берілетінін айтты. Бұған дейін ішкі істер министрлігі тағы бір адам - 25 жастағы Дархан Әдбірахымның Қордай ауданындағы оқиға кезінде көз жұмғанын растаған еді. Айта кетейік, біз Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауылдардағы қақтығыстан кейінгі жағдайды түгел баяндап отырмыз.