ДДСҰ коронавирустың пайда болуы туралы жаңа, тың мәлімет жариялады. Уханьда COVID-19 таралу себептерін зерттейтін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мамандары Қытайдағы жабайы табиғат саудасы пандемияның себебі болуы мүмкін деп болжайды, – деп жазады РИА Новости. Bloomberg агенттігі хабарлағандай, ДДҰ сарапшылары вирустың пайда болуының төрт негізгі гипотезасын жасады. Коронавирустың пайда болуының ең ықтимал себебі – сарапшылардың пікірінше, Уханьдағы Хуанан теңіз өнімдері нарығындағы жабайы аңдардың саудасы.
"Вирустың адам ағзасына енуінің кілті нарық болуы мүмкін", – дейді Сан-Диегодағы Калифорния университетінің медицина доценті Джоэль о.Вертхайм.