Шет елден Алматы мен Нұр-Сұлтанға келген жолаушылардан коронавирус анықталды
Шет елден Алматы мен Нұр-Сұлтанға келген жолаушылардан коронавирус анықталды
5,334
оқылды

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

4 398 жолаушының 4 366-сында анықтама бар, 32-сінде жоқ. Атап айтқанда, Алматыға – 17 рейс, 2 734 жолаушы, Шымкентке – 7 рейс, 609 жолаушы, Нұр-Сұлтанға – 3 рейс, 474 жолаушы, Ақтауға – 2 рейс, 339 жолаушы, Қостанайға – 1 рейс, 242 жолаушы келген. Анықтамасыз келгендер COVID-19-ға ПТР тест тапсырды.

Ал 22 наурызда шет елден келген екі жолаушыдан коронавирус анықталды. Біреуі – Маледен Алматыға, екіншісі Минскіден Нұр-Сұлтанға келген.