Альпіде әлем чемпионы Жюли Помагальски қар көшкінінің астында қалды, – деп жазды sportrbc.ru.
Бұл туралы Францияның Ұлттық Олимпиада комитеті Тwitter-дегі парақшасында ресми хабарлады. Тау бөктеріне достарымен бірге шаңғы тебуге шыққан спортшымен бірге тағы екі адам қар көшкінінің астында қалып қойған. Олардың денесін ұшақпен барлау жүргізген құтқарушылар тапты. Спортшы Жюли Помагальски 2002 және 2006 жылдары Қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан. 1999 жылы сноубордшылар арасында өткен әлем чемпионатына қатысып, алтын медаль иеленген.Бұған дейін қар күреу үшін көпбатты үйдің шатырына шығып, құлап кеткен тұрғын туралы жазған болатынбыз.