Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2020 жылы Қазақстанда 598,5 мың тонна сүт пен кілегей өндірілген. Бұл 2019 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 4,9%-ға артық.
LS агенттігінің мәліметінше, Қазақстанда өндірілген сүттің үштен бірі Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Облыстағы фермалар бір жыл ішінде 189,1 мың тонна сүт алған.
СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың мәліметінше, облыс әр оныншы қазақстандықты сүтпен қамтамасыз етіп отыр.
"Былтыр өңірде 598 мың тонна сүт өндірілді. Бір қазақстандыққа сүт тұтыну нормасы жылына 340 литрді құрайтынын ескере отырып, біздің облыс 1,7 млн. адамды сүтпен қамтамасыз етеді. Бұл Қазақстан халқының 10%-ға жуығы. Қазір салынып жатқан 16 сүт фермасы іске қосылған кезде сүт өндірісі тағы 51 мың тоннаға артады, - деді облыс басшысы халыққа есеп беру кезінде.
Одан кейін Алматы және Ақмола облыстары тұр. Былтыр Алматы облысында 98,9 мың тонна, Ақмола облысында – 94,9 мың тонна, Қостанай облысында – 76,6 мың тонна, ал Алматыда – 43,7 мың тонна сүт өндірілген.
Сонымен бірге Қазақстаннан 12 айда 74,2 мың тонна сүт пен кілегей импортталды. Бұл 2019 жылға қарағанда 22,3% артық. Шет елдерден әкелінген тауардың құны 125,4 млн. долларға жетті.
Былтыр елге ең көп мөлшердегі сүт Беларусь (23,9 мың тонна) пен Ресейден (22,4 мың тонна) әкелінді. Қырғызстаннан 14,3 мың тонна, Франциядан – 3,9 мың тонна, Ираннан – 3,5 мың тонна, ал Литвадан – 2,2 мың тонна сүт жеткізілді.
Еnergyprom.kz-тің хабарлауынша, Қазақстанда 2020 жылы сүт бағасы 9%-ға өсті. Республика бойынша қаңтарда сүт 0,4%, ал 2020 жылы 9%-ға қымбаттаған.