Қордайдағы қақтығыстан кейін ҚХА жұмысын сынады
Қордайдағы қақтығыстан кейін ҚХА жұмысын сынады
Фото: Интернеттен алынды
220
оқылды
Халқының басым бөлігін дүнгендер құрайтын Масанчи ауылындағы қақтығыстан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын сынға алған болатын.
Мәжіліс депутаты Ахмет Мурадов Қордайдағы трагедиядан кейін әлеуметтік желілерде Қазақстан халқы Ассамблеясын жабу керек деген кейбір қазақстандықтарға жауап берді, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Халқының басым бөлігін дүнгендер құрайтын Масанчи ауылындағы қақтығыстан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын сынға алған болатын. Желі қолданушылары Ассамблеяны жабу керек деп санайды. Қазақстандықтардың бұл сыны Ассамблея атынан сайланған депутат Ахмет Мурадовтың ашуын келтірді.
«Қазақстан халқы Ассамблеясын жабу керек дегендерге менен сәлем жолдаңыз. Ассамблеяны жапқысы келетін сыншыларды бізге келіп, бірге жұмыс істеп, біз жасап жатқан дүниелерді жасап көруге шақырамын», – деді ол Sputnik Қазақстан тілшісінің сұрағына берген жауабында.
– Қазақстан халқы Ассамблеясы өз бетімен өмір сүретін қандай да бір жеке бөлім емес,  – деп жалғастырды Мурадов. Ассамблея тек жиын-тойлармен, концерттермен шектеледі деген сынға қатысты депутаттың берген жауабы былай болды.
«Түрлі мерекелер, фестивальдер мен концерттер ұйымдастырып жататынымыз рас. Ал енді басқаша біз бір-бірімізді қалай танимыз? Бірақ, ортақ міндет, ұлттық мүдде, мемлекеттік бағдарламалар –  бәріне бірдей, ортақ», – деді ол.
Айта кетейік, біз Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауылдардағы қақтығыстан кейінгі жағдайды түгел баяндап отырмыз.