23 наурыз күні әлеуметтік желіде Семейде өткен тойда болған әнші Қайрат Нұртас пен қонақтардың видеосы жарияланды. Бұл туралы ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақта облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, той өткізуге тыйым салынған. «Карантин талаптарын бұзған мейрамхана иесіне қатысты материалдар түскен. Қазіргі уақытта осы факті бойынша ШҚО СЭБД Семей қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жүргізуде. Соның нәтижесі бойынша кінәлілерге «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданады. Түскен материалдар заңнамада белгіленген мерзімде қаралады», – деп хабарлады департамент өкілі.Бүгін Шығыс Қазақстанда 19 адамнан коронавирус анықталды.