27 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында «Жер сағаты» бүкіл ғаламшарлық акциясы аясында 150-ден астам нысан электр қуатынан ажыратылады. Астанада көптеген нысанның осы уақытта сыртқы сәндік жарығы сөндіріледі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
Акцияның негізгі мақсаты – ғаламшар ресурстарына жауапты және ұқыпты қарауға адамдардың назарын аудару. Жыл сайын 180 елде миллиондаған адам 1 сағатқа жарық пен электр құрылғыларын сөндіреді.
Әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері: Эйфель мұнарасы, Биг Бен, Колизейдегі жарықты уақытша сөндіреді.
Қазақстанда «Жер сағаты» акциясына атсалысады. Акцияны Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ, «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ, «QazExpoCongress ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, Eco Fund Tabigat қоғамдық қоры, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Жергілікті уақыт бойынша 20:30-да астанада Астана-Арена, Алау Мұз айдыны, Барыс Арена, Қазмедиа Орталығы, Мәңгілік ел монументі (триумфалды арка), NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайы, Астана Опера опера және балет театры, Сарайшық көшесіндегі М2 көпірі, Сығанақ көшесіндегі М3 көпірі, Астана-Бәйтерек монументі, Talan Towers БО, «ҚТЖ» АҚ ғимараты, Нұр-Әлем сферасы, Хан ШатырСОО, «Ailand» ОДО, Mega Silk Way СОО, «Сарыарқа» СОО, Назарбаев университеті, «Жекпе-Жек» СК, «Ақ Орда» Президент пезиденциясы, Хазірет Сұлтан мешіті, Ұлттық мұражай, Шабыт шығармашылық сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және Келісім сарайы, Қазақ Елі монументі, Оқушылар сарайы, ІІМ ғимараты, сондай-ақ 150-ден астам тұрғын үй кешенінің сыртқы сәндік жарығы өшіріледі.