«Nur Otan» партиясының «Құтты мекен» партиялық жобасынан бастау алған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қызылорда қаласы Астана шағынауданында салынып жатқан жаңа көпқабатты үйлерге тексеріс жүргізілді. Мақсат – құрылыс сапасын бақылау. Мониторингті партияның қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы атқарды.
Қазір аталған шағынауданда 14 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Барлық пәтер белгіленген келісімшартқа сәйкес 2-3 бөлмелі болып белгіленген. Құрылыс нысанын аяқтау «Мұнай Құрылыс» ЖШС, «Авангард ПГС» ЖШС, «Промстройсервис Е» ЖШС, «Интегрострой» ЖШС, «Абу Сер» ЖШС, «СМП» ЖШС және «Сапақ» ЖШС мердігер компанияларына сеніп тапсырылған. Мониторинг кезінде комиссия мүшелері отандық өндірістің құрылыс материалдарын пайдалануға баса назар аударды. Әйтсе де, пайдаланылатын құрылыс материалдарының сапасын бақылау мен мердігер ұйымдар тарапынан орындалатын жұмыстардың технологиялық сақталуын әлі де болса бақылауға алу қажеті ескерілді. Сонымен қатар рейд қорытындысы бойынша, партия мүшелері мердігер мекеме басшыларына барлық нысандарды белгіленген мерзімінде аяқтауды тапсырды. Бұдан бөлек, «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлімінде Су жүйесі МКК басшысы Марат Жамиев қала тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келген қала тұрғындарының өтініші де әртүрлі. Бірі – ескі базар аумағында су сапасының төмендігі бойынша келсе, келесі азамат өз үйіне мекеме тарапынан су құбырын тартып беруін сұрайды. Қабылдауда болған басқа да азаматтарға заң аясында жауап берілді. Сөз соңында мекеме басшысы 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында қала бюджетінен қаржы бөлінгеннен кейін барлық жұмыс ретке келетінін жеткізді.Мадияр ТӨЛЕУ