Екі айда 649 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алған  
Екі айда 649 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алған  
159
оқылды

Биыл 1 наурызға дейін 128,8 мың отбасындағы 649 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен азаматтарға беріледі. АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 154,3 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды. Биыл 524,3 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік инстанцияға жүгінбей-ақ автоматты түрде ұзартылды.

Бұған дейін әлеуметтік көмек алатындарға құрттаған күріш, ашыған сүт бергені жайында жазған болатынбыз.