«Реал Мадрид» клубы Instagram-да Қанат Нұртазиннің туындысын жариялады

«Реал Мадрид» клубы Instagram-да Қанат Нұртазиннің туындысын жариялады

Футбол клубының Instagram-дағы парақшасында футболшылардың алаңдағы сәті бейнеленген 9 сурет жарияланды.

Жанкүйерлерден сол фотоларды жаңа кейіпте редакциялауға болатынын хабарлады. Үздік туынды #RMEditChallenge хештегімен «Реал Мадридтің» Instagram парақшасында жарияланды. Суретші Қанат Нұртазин клуб капитаны Серхио Рамостың суретін жапыраққа салғанын видеоға түсірген. Сол видеоны «Реал Мадрид» футбол клубы Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Бұған дейін "Айқында" Қанат Нұртазиннің сұхбаты жарық көрген болатын.