Комитеттің мәліметінше, 2020 жылы мүліктік табыс алған жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) биыл 31 наурызға дейін тапсыру қажет.
ЖТС декларациясын жеке тұлғалар, оның ішінде мүліктік және басқа табыс алғандар, сондай-ақ шетелде жылжымайтын мүлігі, бағалы қағаздары, заңды тұлғаға қатысу үлесі бар жеке тұлғалар тапсырады.
Мұндай кірістен жеке табыс салығын есептеу 10% мөлшерлемесі бойынша дербес жүргізіледі. Оны 10 сәуірге дейін төлеуі тиіс. Декларацияны жеке тұлғаның тіркелген жері бойынша тапсырады.