Атырау облысында бір айда үш полицей өзіне өзі неге қол жұмсады?
Атырау облысында бір айда үш полицей өзіне өзі неге қол жұмсады?
5,224
оқылды

Биыл 29 наурыз күні сағат 8-де Құрманғазы ауылында асылып өлген полицейдің денесі табылды. Ол Теңіз полиция бөлімінде кезекшінің көмекшісі болып қызмет еткен. Оның денесі стадионнан табылды. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.

Жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл жайт наурыз айында болған үшінші жағдай.  Tengrinews.kz-тің жазуынша, бұған дейін 25 наурызда Атырау облысы Махамбет ауданында тағы бір 25 жастағы полицейдің денесі табылған. Оның көлігі Жайықтың жағасында тұрған. 19 наурызда ҚПБ психологы болып жұмыс істеген полиция лейтенанты өз үйінде өзіне өзі қол жұмсаған. Оқиға оның тойына бірнеше күн қалғанда болған.

Атырау облысы бойынша Полиция департаменті бастығының орынбасары Әлихан Байдосов: «Биыл 29 наурызда Құрманғазы ауданында болған 1996 жылы туған полиция қызметкерінің қайтыс болу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ 20 наурызда Жайық өзенінен мәйіті табылған полицейдің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ал Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкері 19 наурызда аурудан қайтыс болды», – деді.

Біз бұған дейін педофилді ұстаған полицей жайында жазған болатынбыз.