Есірткі сатқан мал дәрігері ұсталды
Есірткі сатқан мал дәрігері ұсталды
204
оқылды

Қостанай полицейлері ірі көлемде есірткі тасымалдаған топтың жолын кесті. Олар Тобыл өңіріне оңтүстіктен заңсыз тауары жеткізумен айналысқан. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Қылмыстық топты ветеринар маман басқарған. Күдіктілерді ұстау операциясы еліміздің 3 өңірінде бір мезетте жүргізілді. Жедел іздестіру нәтижесінде, қылмыстық топты басқарған 51 жастағы тұрғын ұсталды. Оның мал дәрігері болып жұмыс істегені белгілі болды. Ветеринар өзінің 5 ауылдасын және Жамбыл облысынан 67 жастағы зейнеткерді есірткі саудасына тартқан. Есірткі саудасына астананың тұрғыны да атсалысқан. Жалпы жыл басынан бері аймақта 130-дан астам қылмыстық іс қозғалып, 17 келі есірткі тәркіленді.

Қостанай облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Айгүл Ерәділова: «Қылмыстық  кодекстің 297-бабы 3-бөлімі бойынша 15-20 жылға дейін немесе өмірбақи бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді.

Бұған дейін есірткі сатқан полицейлер туралы жазған болатынбыз.