Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз табылды
Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз табылды
151
оқылды

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаздың табылғанын хабарлады.

Министрлік оқиғаның мән-жайын толығырақ кейін хабарламақ. Осыған дейін Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбазға іздеу жарияланған болатын. Түнгі кезекшілік кезінде жоғалып кеткен 19 жастағы жігітті 4 күннен бері іздеген.

Нұрасыл Арысбаев түнгі сағат үш шамасында әскери бөлімнен ешкімге ескертпестен кетіп қалған. Сарбаз әлі 6 ай әскери борышын өтеуі тиіс.