Бір ғана Тараз қаласының өзінде жаңбыр мен тазартылмаған арықтардың салдарынан 17 ауланы су шайып кетсе, бүгінде Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті билік өкілдерінен құралған 39 адам, 9 техника және 9 мотопомпа апат салдарымен күресуде.
Бұдан бөлек, Жуалы ауданында 2 сағат 49 минутқа созылған жауын-шашыннан Қоңыртөбе ауылындағы ауланы су алып, Майбұлақ ауылындағы бес үйдің ауласын су басқан. Ал Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы бес үйдің ауласына су кіріп, су деңгейі 18-20 сантиметрге көтерілген.Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы