"Бекшиннің айтқанын істе, істегенін істеме". Карантин ережесін бұзып, отставкаға кеткен шенділер
"Бекшиннің айтқанын істе, істегенін істеме". Карантин ережесін бұзып, отставкаға кеткен шенділер
269
оқылды
Соған қарамастан 26 наурыз Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин және басқа да оннан астам шенеунік  жиналыс өткізді.  [caption id="attachment_124401" align="aligncenter" width="740"]Карантин, Алматы, Жандарбек Бекшин Фото: gov.kz[/caption] Журналистердің “жиналыс карантин шектеулерін бұзу емес пе?” деген сұрағына Жандарбек Бекшин былай жауап берген:
"Комиссияның жұмысы қаулыны бұзу болып есептелмейді. Себебі бұл ғимаратта қаланың тіршілігіне қатысты жиындар өтеді. Әкімдікте коронавирустың таралуын тоқтату үшін құрылған республикалық комиссияның жиыны өтті. Қазір коронавирустың британиялық және оңтүстік африкалық мутациясы тарап жатыр. Сондықтан ведомствоаралық комиссияның және Алматы қаласындағы комиссияның жиынын шұғыл өткізу керек болды. Жиналысқа аз адам қатысты, арақашықтық сақталды, қатысушылар маска тағып, қолғап киіп отырды. Жиын алдында тест тапсырды",– деді ол.
Алматының бас санитар дәрігерінің "Азаттық" радиосына берген жауабында он адам қатысқан жиналысты “көп адам қатысқан жиын” деп санамайтынын айтқан. Бұған дейін Алматының әкімдігі жариялаған суретте жиналыста кем дегенде 13 адам отырғанын көруге болады. Шенеуніктердің, әсіресе денсаулық сақтау саласы басшыларының бұл қылығын қазақстандықтар сынға алды. Әлеуметтік желі қолданушылары бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша, жиын өткізген Бақытжан Сағынтаевқа, Алексей Цойға, Жандарбек Бекшиннің өзіне де айыппұл салу қажет  екенін және олардың халыққа үлгі көрсететін тұлға екенін жазды. Бірақ қазақстандық шенділер карантин ережесін сақтағанын айтып, кінәсін мойындамады. Мұндай жағдай шетелдерде де болды. Пандемияға байланысты енгізілген шектеуді бұзып, кінәсін мойындап, өзінің отставкаға кетуін сұраған шетелдік шенділердің тізімін ұсынамыз. 

Жаңа Зеландияның Денсаулық сақтау министрі

[caption id="attachment_124392" align="aligncenter" width="800"]Дэвид Кларк Дэвид Кларк. Фото: GETTY[/caption] Былтыр Жаңа Зеландияның Денсаулық сақтау министрі Дэвид Кларк оқшаулау ережесін бұзғаны үшін өзін ақымақ деп атап, отставкаға кетуін сұрады. Ол жұмыстан шығарылған жоқ, бірақ лауазымы төмендетілді. Дэвид Кларк отбасымен бірге үйінен 20 минуттық жердегі жағажайға барған. "Денсаулық сақтау министрі ретінде ережені бұзғаным үшін жауапкершілікті мойныма алып қана қоймай, жаңазеландиялықтарға үлгі болуым керек",– деді Дэвид Кларк.

Шотландияның бас санитар дәрігері

[caption id="attachment_124397" align="aligncenter" width="1024"]Кэтрин Калдервуд Кэтрин Калдервуд. Фото: CNN[/caption] Бір жыл бұрын Шотландияның бас санитар дәрігері Кэтрин Калдервуд үйінен 70 шақырым жердегі қала сыртындағы үйіне барғаны үшін қызметінен кетті. Ол елде қатаң карантин енгізілген кезде шотландықтарға үйден шықпауды үндеген. Дәрігер бұған дейін де карантин ережесін бұзғаны үшін жергілікті полициядан ескерту алған. Кэтрин Калдервуд Желіге Кэтрин Калдервудтің сыртта жүрген жерінен түсірілген суреттері жарияланды. Кейін Калдервуд көпшілік алдында кешірім сұрап, отставкаға кететінін айтты.

Еуропалық Одақтың сауда жөніндегі комиссары

[caption id="attachment_124403" align="aligncenter" width="1200"]Фил Хоган Фил Хоган. Фото: Yves Herman / Reuters[/caption] Былтыр тамызда ЕО сауда комиссары Фил Хоган да карантин режимін бұзғаны үшін қызметінен кетті. Ол Ирландияда 80-нен астам адам қатысқан жиында қонақ болған. Ал елде іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Фил Хоган Ирландия халқынан кешірім сұрап, ел тұрғындарының шуынан кейін отставкаға кетті. Айта кетейік, былтыр қарашада Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Ritz-Carlton қонақ үйінде 150 адамға банкет өткізуге рұқсат бергені туралы ақпарат тарады. Жандарбек Бекшин елде той, іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан бұл жиынға неге рұқсат бергенін былай түсіндірді
"Ол жерде банкет өткізуге емес, қызметкерлерді оқытуға рұқсат берілген. Олар қазір қызметкерлерді жұмысқа алып жатыр, біраз уақыттан бері жұмыс істемеген еді. Қонақ үйдің бірінші қабатында спортшыларға құрмет көрсетіліп, қызметкерлер оқытылады. Құжатта бөлім басшысы тарапынан қате кетті, бұл бірреттік іс-шара екенін көрсетпеген. Онда 150 адам болған жоқ, біреу 40 дейді, біреу 60 адам дейді, мұндай ірі көлемдегі банкеттерді өткізуге арналған мұндай бөлме жоқ. Ұйымдастырушылар ауаны зарарсыздандыру үшін ауа алмасу жүйесіне рециркуляторлар мен бактерицидті сәулелегіштерді орнатты, ауаны зарарсыздандыру үшін озон генераторы пайдаланылды. Бұл шараларға шамамен бір миллион доллар жұмсалды. Сондықтан біз қызметкерлерімізді құрметтеу және оқыту бойынша бірреттік іс-шараға рұқсат бердік. Біз 900 адамға арналған залда 150 адамға дейін жүруіне рұқсат бердік",– деді Алматының бас санитар дәрігері.
Айта кетейік, Алматының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қаладағы барлық төсек-орын саны – 7011, қазір оның 5 мыңы бос емес. «Halyk Arena» спорт кешенінде 1000 төсек-орын дайындалды. 27 наурызда Бекшин Алматыдағы карантин шектеуін 12 сәуірге дейін созды. Бұл шектеу 21 наурыздан бері енгізілген.