Төртжылдықтың айтулы аламанында ел мен облыс намысын боксшы Әбілхан Аманқұл, еркін күрестен Әлішер Ерғали, су добынан Алтай Әлтаев және дзюдодан Елдос Сметов қорғайды.
Биылғы лицензиялық жарыстарда да бақ сынайтын спортшылар баршылық. Алайда жамбылдық жанкүйерлерді өткен жылы екінші мәрте ана атанған мемлекет мақтанышы Гузалия Гафурова Токио төрінде өнер көрсете ала ма деген сауал мазалауда.Ал «алтын қызымыз» бірінші сәбиін босанғанда екі жылдық үзілістен кейін Индонезия жерінде жасындай жарқылдап, екі дүркін Азия чемпионы атанған болатын. Қайсар қызымыз бәлкім, бұл жолы да лицензиялық жарыста қажетті ұпайды жинап, ерлігін қайталар. Біз Гузалияның тілеуін тілеп, тақым қысамыз!
Саятхан САТЫЛҒАН,
Жамбыл облысы